Батысқазақстандық бес бірдей палуан самбодан ел чемпионы атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында мәреге жеткен ел чемпионатында батысқазақстандық бес бірдей палуан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Әйгерім Телемгенова (56 кг), Еркебұлан Қалеш (82 кг), Нұрхан Мағзомов (57 кг), Аңсарбек Ғайнуллин (74 кг), Темірлан Көлбай (100 кг) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Оған қоса Құралай Қабырайқызы (60 кг) күміс жүлдегер атанса, Нұрымжан Ғаббасов (90 кг), Гауһар Сағадат (72 кг) үшінші орынға көтерілді.
Сөйтіп жарыс қорытындысында бапкерлер Альмира Исатаева мен Бірлес Есенғалиев бастап барған БҚО құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар