13:54, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионы атанды
ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Польшаның Млава қаласында өткізілген дойбыдан жастар арасындағы әлем чемпионатында батысқазақстандық Алтынай Жұмагелдиева жеңімпаз атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 16 елінен 114 спортшы қатысқан бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен оралдық үш дойбышы ел намысын қорғады.
Оралдағы №12 орта мектептің 7-сыныбында оқитын, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын Алтынай Жұмагелдиева осымен үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Әлия Камалова мен Айна Қабдрахимова сәйкесінше бесінші және алтыншы орындарға табан тіреді.