Батысқазақстандық дзюдошы Азия чемпионы атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Бейрут (Ливан) қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа 20 елден мықты дзюдошылар қатысып, бақ сынауда.

Аңсарбек 73 кг салмақта күресті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. А.Ғайнуллин бес бірдей қарсыласын тізе бүктірді.

Аңсарбектің бапкерлері - Талғат Балмағамбетов пен Азамат Қапсатов.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 13 мамыр күні мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар