Батысқазақстандық грэпплингтен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшы Зайреден Мұхамбетжанов Астана қаласында грэпплингтен өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Оның бапкері Алмаз Ихсановтың айтуынша, шәкірті 77 кг салмақта әуелі қырғыз, сосын өзбек спортшысын ұтты. Финалда Қазақстанның тағы бір өкілі, қарағандылық Марат Құтжановқа 2:3 есебімен есе жіберді. З.Мұхамбетжанов мұның алдында Қазақстан біріншілігінде финалда дәл осы М.Құтжановты ұтқан болатын.

«Грэпплинг  те самбо, дзюдо сияқты күрес түрі болып есептеледі. Оны Қазақстанда, соның ішінде өңірлерде кеңінен тарату бағытында елордада бүгін семинар да өткізілді. Зайреден Қазақстан құрамасына №1 спортшы ретінде алынып отыр. Облыстан қаржыландыру болса, бұйырса, қазан айында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысады», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне А.Ихсанов. 

Соңғы жаңалықтар