Батысқазақстандық ішкі істер қызметкерлері қауіпті заттардың заңсыз айналымын анықтады

ОРАЛ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал магистральды газ құбырлары басқармасы филиалында 2004-2007 жылдары прекурсорлардың тиісті рұқсатсыз заңсыз айналымда болғанын анықтады,

Батысқазақстандық ішкі істер қызметкерлері қауіпті заттардың заңсыз айналымын анықтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Тексеру барысында 2 килә күкірт қышқылы, 2,5 киләдай тұз қышқылы 11 килә толуол табылып, тәркіленді. Бұлардың бәрі де сараптамаға жіберілді.