Батысқазақстандық каратэшілер халықаралық турнирден олжалы оралды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында каратэ-додан (WKF) өткен «Ақтау кубогы» халықаралық турнирінен БҚО құрамасы олжалы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста, әсіресе, Әлихан Сартаев (12-13 жас, +50 кг) пен Владислав Макаренко (6-7 жас, +25 кг) алтыннан алқа тағып, айрықша көзге түсті. Оған қоса Диляра Тілепбергенова (14-15 жас, -54 кг), Даниил Макаренко (6-7 жас, -25 кг) және Камиля Жоламанова (12-13 жас, +45 кг) қола жүлдені иеленді.
Балғын каратэшілерді Асқар Досжанов пен Қуаныш Қайыров жаттықтырады.
Айта кетейік, аталған спорт түрі 2020 жылғы Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізілгені белгілі.