Батысқазақстандық каратэшілер Шымкентте өткен турнирде табысты өнер көрсетті

Аталмыш жарысқа еліміздің сегіз қаласынан 460 каратэші қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай (5 жастан 17-ге дейін) бақ сынады. БҚО-дан елуден астам спортшыны бапкерлер Сұңғат Жолданов, Бақытбек Скоков және Шайнұр Садықов бастап барды.
Турнир қорытындысында БҚО құрамасынан Әлішер Дәулет, Әлихан Құбаев, Әлфараби Есполов, Татьяна Кованцова, Нұргүл Сапарова чемпион атанса, Мирлан Сариев, Жасмин Шағуанова, Рамина Жұмағұлова, Дарын Дәулетов күміс жүлдені иеленді. Тағы 16 жеткіншек үшінші орынға көтерілді.
Енді балғын каратэшілер елге оралғаннан кейін 26 ақпанда өтетін Орал қаласы чемпионатына қатысатын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО құрамасы Қарағанды қаласында кекушинкай каратэден қаңтар айының аяғында өткен «Шахтерлер астанасының ІІІ кубогы» ашық республикалық турнирде жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленген болатын.