Батысқазақстандық қос оқушы республикалық байқаудан бас жүлде алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» байқауынан Сырым ауданынан барған Ақбота Ширмедин мен Аружан Иосифова бас жүлде алды,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Батысқазақстандық қос оқушы республикалық байқаудан бас жүлде алды

null

Ақботаның ағасы, белгілі айтыс ақыны Бауыржан Ширмединұлының айтуынша, жыр бәйгесіне Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және басқа облыстардан жиырмадан астам балауса ақын қатысқан. 11 жасар Ақбота Ширмедин Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектепте оқиды. Аудандық балалар шығармашылығы орталығы жанындағы «Дарын» ақындар үйірмесінің мүшесі. Өлеңді кішкентайынан тыңдап өскен Ақбота ағасы сияқты айтыс өнеріне де ниеттеніп жүр. Аталмыш үйірмеге жас ақын Мейірбек Жампозов жетекшілік етеді. Қос бірдей шәкіртінің бас жүлдені иеленуіне оның қосқан үлесі мол.

null  

Айта кетейік, Оралда облыстық Мұқағали оқулары да мәреге жетті. Онда жеңімпаз атанған дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 10-сынып оқушысы Айару Болатова алдағы наурыз айында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

null