18:12, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық құтқарушылар Шалқар көліне демалуға келген екі қызды ажалдан алып қалды
ОРАЛ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметінің құтқарушылары Азамат Сәбитов пен Олег Никифоров Шалқар көліне демалуға келген екі қызды ажалдан құтқарып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиырма жасар Лунара мен он жастағы Динара көлде үрмелі төсеніш үстінде қаннен-қаперсіз күнге қыздырынып жатқан. Кенет қатты дауыл тұрып, оларды жағалаудан 500 метрдей қашықтыққа айдап әкеткен. Осы сәтте, абырой болғанда, моторлы қайықпен құтқарушылар жетіп үлгерген. Ата-аналарының айтуынша, бұл жағдайда қыздардың аман қалуы екіталай, өйткені олар жүзу білмейтін еді.