Батысқазақстандық құтқарушылар су айдау жұмыстарын жүргізуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдық құтқарушылар қала аумағында су айдау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Батысқазақстандық құтқарушылар су айдау жұмыстарын жүргізуде

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Ләйла Әбдірахманованың айтуынша, 26-29 наурыз күндері күрт еріген қар мен мол түскен жауын-шашынның әсерінен су кейбір көшелер мен аулаларды басты. Төмен орналасқан үйлерге су кіре бастады. Коммуналдық мекеме қызметкерлерімен бірге құтқарушылар 27-30 наурыз аралығында Асан, Зачаган және Деркөл ауылдарының көшелерінде, тұрғын үйлер аулаларында суды айдау мен сору жұмыстарын жүргізді. Күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен жедел құтқару жасағының барлық жеке құрамы жұмылдырылып, күні бүгінге дейн 2600-дей текше метр су айдалды.

Сонымен қатар құтқарушылар Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінің жай-күйіне күн сайын мониторинг жүргізіп, қар суы басу қаупі бар аймақтарды бақылауда.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, дәл осындай жұмыстар облыс аудандарында да жүргізілуде. Мысалы, қалаға іргелес Зеленов ауданында 29 мыңға жуық текше метр, Теректіде 23200 текше метр, Бөрліде 600 текше метр су айдалды. 

1 2 3