Батысқазақстандық оқушы Қадыр Мырза Әлидің 355 өлеңін жатқа оқыды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында І республикалық Қадыр оқулары мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақынның туған жері - Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында биыл Қадыр оқулары алғаш рет республикалық дәрежеде ұйымдастырылды.

Шараға қатысушылар Жымпитыдағы ақын ескерткішіне тағзым етіп, сосын Алаш саябағында ағаш отырғызды.

Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған бәйгеге Астана мен Алматыға қоса Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан және Сырым ауданынан барлығы 34 үміткер қатысты. Оқушылар ақын жырларын мәнерлеп оқу, сөздеріне жазылған әндерді орындау және Қадырға арналған авторлық өлеңдер аталымдары бойынша сынға түсті.

Сайыс қорытындысында «Сөздің бәрі құдіретті...» атты Қадыр өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан жергілікті Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Береке Орынбасар бас жүлдені жеңіп алды. Ол облыстық оқуларға 300 өлеңмен қатысса, бұл жолы ақынның 355 жырын жаттап келді. 

null

«Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» атты ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе гимназиясының 5-сынып оқушысы Інжу Садақбаева үздік шықты.

null

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» атты Қадырға арналған өз өлеңдерін оқудан сайыс кезінде қазылар алқасы үміткерлердің жазып келген жырларын бағалаумен шектелген жоқ. Оларға «Батыс Алашорда» деген секілді тақырып беріп, сол жерде өлеңдерін жазуды ұсынды. Осы орайда Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің 6-сынып шәкірті Ақбота Ширмедин өзгелерден оқ бойы озып шығып, бас жүлдегер атанды.

null

Шара барысында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысушыларға алғысын білдірсе, Алматыдан арнайы келген Қадыр Мырза Әли атындағы қордың директоры, әнші-композитор Донеділ Қажымов ақын атындағы медальді аудандағы Қадыр Мырзалиев атындағы мектепті ұзақ жыл басқарған Гүлбақша Ерғалиеваға табыс етті.

Еске сала кетейік, Қадыр оқуларының 2017 жылы аймақтық деңгейде өткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар