Батысқазақстандық оқушы республикалық байқаудың бас жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласына қарасты Серебряков кентіндегі орта мектептің 9-сынып оқушысы Нартас Нүфтен Алматы қаласында мәреге жеткен айтыскер ақын, әнші-композитор Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған І республикалық «Ән салсаң, Әсеттей сал...» байқауының бас жүлдегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Батысқазақстандық оқушы республикалық байқаудың бас жүлдегері атанды

null

Нартастың ұстазы, музыка пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Еселбаеваның айтуынша, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырған өнер сайысына қатысушылар дәстүрлі ән, халық композиторларының күйлері және Әсеттің өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Күй сайысына 15 үміткер қатысып, солардың арасынан Нартас Шынтасұлы үздік шықты. Бірге барған әжесі Бірғаным Қадырғалиеваның үмітін де ақтаған Нартас халық күйі «Ел айырылғанды» орындап берді.

null

Ж.Досмұхамедов атындағы педколледжді тәмамдаған Мейрамгүл Айболатқызы Нартасты күйге екінші жыл баулып келеді. Бұл - оның республикалық байқауға тұңғыш рет қатысуы.

null