Батысқазақстандық оқушылар кезекті байқауда топ жарды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының шәкірттері Аружан Иосифова мен Ақбота Ширмедин Ақтөбе қаласында өткен «Үкілім-ай» республикалық өнер байқауында үздік атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None



«Дарын» ақындар үйірмесінің жетекшісі Мейірбек Таймановтың айтуынша, "Platon" халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған сайыста 26 қатысушының арасынан Аружан бас жүлдені жеңіп алса, Ақбота бірінші орынға лайық деп танылды.

Еске сала кетейік, аталмыш орталық оқушылары дәл осы Ақтөбеде 2 қараша күні мәреге жеткен «Әлем  TALANT STARS» атты халықаралық байқауда бірнеше жүлдеге қол жеткізген болатын. Онда А.Ширмедин «Көркем сөз» аталымы бойынша 68 үміткердің ішінен озып шығып, бас жүлдені жеңіп алды.



Ал «Драма» үйірмесінің (жетекшісі Эльдар Әубәкіров) мүшесі Гүлназым Ерболатова «Драма» аталымы бойынша бас жүлдені иемдене отырып, «Көркем сөз» аталымында бірінші орын алды.

Сонымен қатар Аружан Иосифова «Көркем сөз» аталымы бойынша өз тобында І орынның иегері атанды. Қайрат Рахметов жетекшілік ететін «Вокал» үйірмесінің мүшесі Аруна Закина - бірінші, ал Нұргелді Ғабдуллин үшінші орынға көтерілсе, «Аружан» және «Айналайын» би ұжымдары өз топтары бойынша бірінші орынды еншілеген еді. Оған қоса Ақбота Ширмедин биылғы жыл басында оқушылар арасында өткен республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы атанған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар