Батысқазақстандық палуан республикалық «Жас барыс» турнирінің жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» республикалық турнирінде батысқазақстандық палуан Сержан Лұқпанов табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батысқазақстандық палуан республикалық «Жас барыс» турнирінің жүлдегері атанды

Сержан 51 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Жаттықтырушысы - Дамир Рамазанов.

«Сержан Лұқпанов - облыстың бірнеше дүркін чемпионы. «Жас барыс» турниріне іріктеуден де сәтті өткен болатын. Ұлттық спорт мектебінде жаттығады. Болашағынан үміт күттіретін палуандарымыздың бірі», деді ҚазАқпарат тілшісіне Дамир Рамазанов.

null  

null