Батысқазақстандық палуандар ел чемпионатының жүлдегері атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының шәкірті Нұрсұлтан Зайзағалиев Қарағанды қаласында дзюдо күресінен 2002-2003 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аталмыш мектептен түскен мәліметке қарағанда, Нұрсұлтан 50 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Оны Нариман Бекқалиев жаттықтырады.
Оған қоса 16-18 маусымда Түркістан қаласында самбодан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында өткен ҚР біріншілігінде де осы мектептің палуандары жүлделі орындарға ие болды. Бибарыс Нұралиев 60 кг салмақта күміс жүлдегер атанса, Ерназар Ермеков (42 кг) пен Мирас Ерболатов (72 кг) үшінші орынға көтерілді.
Бұл спортшылардың да бапкері - Н.Бекқалиев