Батысқазақстандық сақшылар салалық біріншілікте чемпион атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында самбодан өткен ҚР Ішкі істер министрлігінің чемпионатында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 
None
None

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, байрақты бәсекеге ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан және облыстардағы ішкі істер департаменттерінен барлығы 17 команда қатысып, күш сынасты.

Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте БҚО құрамасы екінші орынды еншіледі. Шығысқазақстандықтар бірінші, тараздықтар үшінші орынға көтерілді.

Жекелей сында Ерболат Байбатыров (62 кг), Бағдат Жарылғасов (68 кг) және Айбек Ғабдешев чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар