Батысқазақстандық самбошылар әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Минск қаласында Беларусь Президентінің жүлдесі үшін спорттық және әскери самбодан әлем кубогының ХІХ ашық кезеңі мәреге жетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа 18 елдің өкілдері қатысып, бақ сынады. Батысқазақстандық спортшылар Бағдат Жарылғасов пен Нұрбол Серіков 68, сондай-ақ Болатбек Райымқұлов 57 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.