Батысқазақстандық спортшы аударыспақтан бесінші мәрте ел чемпионы атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ұлттық спорт түрлерінен Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ел чемпионатында БҚО құрамасы сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ұлттық спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтің айтуынша, Нармағанбет Иманғазыұлы аударыспақтан 70 кг салмақта жеңімпаз атанды. Нармағанбет осымен бесінші рет ел чемпионы атағын жеңіп алып отыр. Сондай-ақ 40 кг салмақта тағы бір батысқазақстандық Бекзат Сәлімов үшінші орынға көтерілді. Оған қоса теңге ілуден Төрехан Бақытжанов қола жүлдеге ие болды.
Спортшыларды Ақтілек Сәрсенов жаттықтырады.
Айта кетейік, ел чемпионаты 27 қазанда мәреге жетпек.