17:51, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Батысқазақстандық спортшы қол күресінен ел кубогының иегері атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында гір спорты және қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы үшін өткен жарыста БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Дәурен Бисемәлиев (бапкері Мұрат Ибатов) қол күресінен 70 кг салмақта жеңімпаз атанып, ҚР спорт шебері атағын орындады. Сондай-ақ әйелдер арасында 55 кг салмақта Жанна Қазтуғанова күміс жүлдегер атанса, Көркем Едігеева үшінші орынды иеленді. 70 кг салмақта Роза Варданян екінші, Мәдина Төлепқалиева үшінші орынға көтерілді.