Батысқазақстандық спортшылар әлемдік додаларда олжа салу үшін барлық жағдай жасалатын болады

ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық спортшылар әлемдік додаларда олжа салу үшін барлық жағдай жасалатын болады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері басшылары есеп берген жиында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқарма бастығы Қоныс Жетпісовтің айтуынша, белгілі шаңғышы Елена Антонова алдағы жылы Ванкуверде өтетін қысқы олимпиадалық ойындарда алғашқы алтылыққа енеді деген үміт бар. Ал 2011 жылы Алматы мен Астанада өтетін қысқы Азия ойындарында қытайлық және жапондық мықты спортшылардың көптігіне қарамастан, батысқазақстандық шорт-трекшілердің екі медальді қоржынға салуға мүмкіндіктері жетеді. Жиында өткен жылдың үздік спортшылары қатарында самбо мен дойбыдан әлем чемпиондары Ерболат Байбатыров пен Алтынай Жұмагелдиева, пауэрлифтингтен дүниежүзілік доданың күміс жүлдегері Аман Қапышев, ескек есуден Азия жеңімпазы Алексей Дергунов және басқалар бар.
Соңғы жаңалықтар