Батысқазақстандық спортшылар жекпе-жектен өткен ел кубогынан табыспен оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Ақтөбе қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі - жекпе-жектен өткен Қазақстан кубогы жарысынан табыспен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Батысқазақстандық спортшылар жекпе-жектен өткен ел кубогынан табыспен оралды

БҚО ұлттық спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтің айтуынша, ел кубогына Астана, Алматы қалалары мен сегіз облыстан барлығы 250 спортшы қатысып, бақ сынады. БҚО-дан сегіз спортшы қатысса, соның бесеуі жүлдегер атанды.

Атап айтқанда, БҚО ұлттық спорт мектебінің шәкірттері Қадырбек Асылбеков 40 кг, Диас Шурин 55 кг салмақта жеңімпаз атанды. Ал Райнис Баешев 32 кг, Санжар Жұмасейітов 50 кг, Әбубәкір Ихсанов +55 кг салмақта үшінші орынға көтерілді. Оларды жекпе-жек бөлімінің бапкері Айдынғали Ихсанов жаттықтырады.

null