Батысқазақстандық тоғызқұмалақ шебері төртінші жастар ойындарының чемпионы атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО құрамасы Қызылорда қаласында ҚР ІV жазғы спорт ойындары аясында тоғыызқұмалақтан мәреге жеткен жарыста табысты өнер көрсетті, хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жекелей есепте Жарасхан Сағынбаев чемпион атанды. Ал командалық есепте Дәулет Әбдікәрімов жаттықтыратын БҚО құрамасы үшінші орынға көтерілді. Астана мен Алматы қалаларынан және еліміз облыстарынан барлығы 15 команда қатысқан сайыста ОҚО құрамасы бірінші, павлодарлықтар екінші орынға ие болды.