Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы республикалық турнирде топ жарды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Щучье қаласында тоғызқұмалақтан өткен ҚР федерациясы кубогы үшін республикалық турнирде табысты өнер көрсетті.

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы республикалық турнирде топ жарды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа 10 команда құрамында 80 спортшы қатысып, бақ сынады. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысынан барған Аида Карина әйелдер арасында бірінші орынды жеңіп алды. Ал командалық жалпы есепте БҚО құрамасы екінші орынға көтерілді.

null null