Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар жастар арасындағы ел чемпионатында үздік шықты

АЛМАТЫ. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда 16, 18, 20 жастағы тоғызқұмалақшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті,

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар жастар арасындағы ел чемпионатында үздік шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл  бәсеке  бір аптаға созылды. Онда  қыздар арасында  оралдық Ақшолпан Айғалиева (16 жас),   Айнұр Баекенова (18 жас) және павлодарлық  Роза  Райымбековалардың (20 жас) мерейі үстем болды. Ақшолпан мен Айнұр тоғызқұмалақты жылдам ойнаудан да   ел чемпионы деген жоғары атақты еншіледі. Бұл сында 20 жастағылар арасында Салтанат Қозыбағарова үздік шықты. 

 Ерлер арасында алғашқы  сайыста ақтөбелік Ерік Сәрсенбаев (16 жас), Медет Хұсайынов (20 жас ) және оралдық Сайлан Матилов (18 жас) алтыннан алқа тақты. Ал жылдам ойнауда тұғырдың жоғары сатысына Дәурен Сұңқаров (16 жас), Марат Әбдірахманов (18 жас), Азамат Иманғалиев (20 жас) көтерілді. Жарыстың жалпы  қорытындысында командалық есепте Батыс Қазақстан облысы бірінші, Ақтөбе облысы екінші, Павлодар облысы үшінші орын алды.