Батысқазақстандық жас әнші Италияның Сан-Ремо фестивалінде бірінші орынға ие болды

None
None
 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Ержан Максим Италияның Сан-Ремов қаласында өткен жас орындаушылардың халықаралық фестивалінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оның ұстазы, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі Дария Бақытованың айтуынша, Ержан Италияда үлкен оркестрдің сүйемелдеуімен сол елдің тілінде ән салып, қошеметке бөленді. Енді ол Витебскіде болатын халықаралық «Славян базарында» өнер көрсететін болады.



Ержан Ерболұлы қазірдің өзінде көптеген байқаулардың жеңімпазы болып үлгерді. Атап айтқанда, тоғыз жасар Ержан Максим 2016 жылғы желтоқсанда Ригада өткен жас орындаушылардың бесінші «Riga Symphony 2016» халықаралық фестивалінде үш мәрте жүлдегер атанған болатын.

Қазақстан атынан айтулы додаға түскен Ержан Максим авторлық ән мен әлемдік хиттен бірінші, халықтық әннен екінші орынды иеленіп, үш бірдей медальға қол жеткізген еді. Жеті жасында Мәскеуде өткен «Бегущая по волнам» фестивалінің, содан кейін өткен жылы жазда Алматыда халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының, қыркүйекте Грузияның Батуми қаласында «Дельфин Фэст» байқауының бас жүлдесін иеленген Ержан Максим Орал қаласындағы №34 орта мектепте оқиды.

Соңғы жаңалықтар