13:08, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Батысқазақстандық жол полицейлері «Газель» автокөлігін айдап кеткен азаматты қолға түсірді
ОРАЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы 17 қарашада Оралдағы Құрманғазы көшесі бойындағы «Орал» дүкені маңынан белгісіз біреулер «Газель» автокөлігін айдап кеткен.

БҚО жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жедел іздестіру шаралары барысында аталмыш автокөлік екі күн өткен соң Оразбаева көшесіндегі 2/4 үйдің ауласынан табылды. Көп ұзамай күдікті де қолға түсті. Ол Зеленов ауданы Володар ауылының 1994 жылғы К. деген тұрғыны болып шықты. Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сәкен Қайролдиннің айтуынша, К. осындай қылмысы үшін түзету орнынан 27 қыркүйек күні босаған.
Биылғы он айда автокөлік құралдары 59 рет айдап кетілген, соның тек үшеуі ғана ашылмай отыр. Ашылу көрсеткіші 91,7 пайызды құрайды.