Батысқазақстандық жүзу шебері ел чемпионатынан жеңіспен оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық  Жәңгір Жолдасбаев Теміртау қаласында суға жүзуден 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Батысқазақстандық жүзу шебері ел чемпионатынан жеңіспен оралды

Ол брасс әдісімен жүзуде 50 метр және 100 метр қашықтықта чемпион атанса, 200 метрден қола жүлдені иеленді. Жәңгір қазіргі таңда қаладағы №44 орта мектептің 7-сыныбында оқиды.
null 

«Су спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде («Жайық самалы» жүзу бассейнінде) жаттығатын Жәңгір Жолдасбаев, 13 жасар Мәншүк Сұлтанғалиева сынды болашағынан үміт күттіретін жеткіншектеріміз баршылық. Жәңгірді енді 3-5 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында суға жүзуден ересектер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындап жатырмыз», деді бапкері Ерлан Молдашев.