Батысқазақстандықтар әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановқа құрмет көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақ Жайық жұртшылығы жуырда Будапешт қаласында еркін күрестен өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Нұрлан Бекжановты Орал әуежайынан күтіп алып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батысқазақстандықтар әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановқа құрмет көрсетті

null
Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша алғаш рет ұйымдастырылған дүниежүзілік додада Нұрлан 70 келі салмақта төрт қарсыласын ұтып, тек финалда ғана ресейлік Магомед Курбаналиевке жол берген болатын. Ең бастысы, ол ересектер арасында әлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш қазақ палуаны ретінде тарихқа енді. Батыс Қазақстанның Сырым ауданы Бұлдырты ауылынан түлеп ұшқан Нұрлан Бекжановтың Астанадағы қазіргі жаттықтырушысы - Асқар Әбдірашев.

null  

Осындай табыспен туған жеріне оралған Н.Бекжановты күтіп алушылар қатарында оның алғашқы бапкері, КСРО спорт шебері Асқар Саукелин де болды. «Нұрландай шәкіртіміздің барлығына мақтанамыз. Ол - талантына қоса еңбекқор. Әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атануы - тынбай жаттығудың арқасы. Міне, осындай қасиетімен Нұрлан кейінгі жастарға үлгі болмақ», - деді А.Саукелин.

null  

Айта кетейік, Нұрлан Бекжанов ертең даңқты палуан, еркін күрестен 1973 жылғы КСРО чемпионатының  қола жүлдегері, көптеген жарыстардың жеңімпазы, Кеңес дәуірінде одақ көлемінде оза шауып жүрсе де, дүниежүзілік додаға шыға алмаған Сайлау Мұқашевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық ашық турнирдің құрметті қонағы болмақ. 

null null