Батысқазақстандықтар панкратион мен грэпплингтен ел чемпионатынан олжалы оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Қызылорда қаласында панкратион, грэпплинг және грэпплинг-гиден мәреге жеткен ел чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

БҚО құрамасының бапкері Армат Сәрсекеновтің айтуынша, біріншілікке Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстан 16 команда құрамында 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыс жеңімпаздары панкратионнан Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия, Нью-Делидегі (Үндістан) әлем чемпионаттарына, сондай-ақ грэпплингтен Нью-Делидегі Азия және Бакуде болатын әлем біріншіліктеріне жолдама алды.

«БҚО намысын 10 спортшы қорғаса, соның сегізі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Мәулен Әпендин 62 кг, Заядин Мұхамеджанов  77 кг салмақта чемпион атанды. Оған қоса қос күміс, төрт қола медальді иеленіп қайттық. Енді Азия, әлем чемпионаттарына дайындалатын боламыз», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Армат Сәрсекенов. 

Соңғы жаңалықтар