Батысқазақстандықтар ұлттық спорт түрлерінен өткен ел чемпионатынан олжалы оралды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО құрамасы Ақтөбе қаласында жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен өткен ел чемпионатынан олжалы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аударыспақтан Нармағанбет Иманғазыұлы 60 келі салмақта жеңімпаз атанса, Мағжан Жеңісов (70 келі) екінші, Рахметолла Темірбеков (50 келі) пен Әнуарбек Қалиев (80 келі) үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар Айболат Базарбаев жамбы атудан алдына жан салмай, жеңіс тұғырына көтерілді.
Ұлттық спорт түрлерінен БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Ақтілек Сәрсенов екендігін айта кетейік.