«Бауырына салу» фильмі халықаралық кинофестивалде бас жүлдеге ие болды

Бауырына салу
Фото: kz.kursiv.media

ХАНТЫ-МАНСИЙСК. KAZINFORM – 22-ші халықаралық «Дух огня» кинофестивалінің бас жүлдесі қазақстандық «Бауырына салу» фильміне бұйырды. Бұл туралы ТАСС жазды. 

Бас жүлдені иеленген кино туындының сценарий авторы мен режиссеры Асхат Кучинчиреков. 

«Бұл қазақ халқының көшпелі мәдениетін ұлықтайтын фильм. Көшпенділер даласында осындай жүлде ұтып алу — өте маңызды әрі әсерлі»,- деді режиссер.  

 

 

Соңғы жаңалықтар