Бауыржан Абибеков – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы
АСТАНА. KAZINFORM - Абибеков Бауыржан Бақытұлы 1987 жылы туған. Білімі – жоғары. Алматы технологиялық университетін, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясын экономика, құқық мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің салықтық әкімшілендіру басқармасының жетекші, бас маманы болып бастады.
Әр жылдары Көксу ауданының қаржы бөлімінің, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Сарқан ауданы және Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.