«Бауыр» фильмі халықаралық кинофестивальде жүлделі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі Нэшвиллде (АҚШ) өткен 45-ші халықаралық кинофестивальде «Үздік фильм» санаты бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен.

«Бауыр» фильмі халықаралық кинофестивальде жүлделі болды

Нэшвиллдегі халықаралық кинофестиваль 1969 жылдан бері өткізіліп келеді және АҚШ-тағы ең көне кинофестивальдердің бірі болып саналады. Жыл сайын фестивальге әлемнің 40-тан елінен 200-ге тарта фильмдер көрсетіледі. Биылғы жылы фесивальге 3100-ден астам өтінім келіп түскен екен. Жалпы 100 мыңнан астам адам қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, «Бауыр» фильмі ең алғаш 70-ші халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілген болатын. Аталмыш кинофестивальден кейін «Бауыр» фильмі IX халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, екі бірдей жүлдеге - «Үздік режиссер» және НЕТПАК жүлделеріне қол жеткізді. Сонымен қатар, «Бауыр» фильмі Австрияда өткен халықаралық «Viennale» кинофестиваліне қатысты.