«Бауырсақ күні» 5 жылдық мерейтойын атап өтпек

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда қыркүйектің 27-і күні «Астана» алаңында дәстүрлі «Бауырсақ күні» мерекесі өтеді,

 «Бауырсақ күні» 5 жылдық мерейтойын атап өтпек

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны «Бауырсақ күні» атты коммерциялық емес қор мен «Үлкен Алма» атты әлеуметтік жобаны қолға алып отырған ерікті топ және «Жетісу» кәсіпорны ұйымдастыруда.

Мереке аясында ескі дәстүрді жаңғырту мақсатында алғаш рет Отандық алма өсірушілердің алма жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

«Жеңіл форматта өтетін осы мереке арқылы әр азаматтың бойына патриоттық сезімді ұялату, Алматы қаласына «Алмалы қала» мәртебесін беру, бауырсақты ұлттық брендке айналдыру көзделген. Мерекенің негізгі мақсаты - жұртшылыққа «жабайы» орманда өсетін әлемдік сиверс алмасының мәдени құндылығынан хабардар ету, алманың жаңа түрлерін өсіру жолдарын табу, тектік қорын сақтап қалу сияқты өзекті мәселелерді көтеру жобаның негізгі идеялары болып табылады», дейді «Бауырсақ күні» қоғамдық қорының көшбасшысы Мина Бакарасова.

Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Татьяна Салованың айтуынша, ғалымдар әлемде өсетін жабайы алмалардың 30 түрінің атасы, біздің елде өсетін «Сиверс» алмасы екенін дәлелдеген. «Сондықтан да, барлық алма өсетін жерлерді сақтауымыз керек. Біздің елде, теңдесі жоқ алманың өскеніне мақтан тұтуымыз керек, сонымен қатар әлемнің алдында оны жауапкершілікпен қорғап, сақтауымыз керек», дейді ол.

«Біз - еліміздің патриотымыз. Сондықтан «Алма» мәселесі әр адамды толғандырса,  ойлантса дейміз. Алманы ұлттық бренд ретінде жаңғыртсақ деген ойымыз бар», дейді  қоғамдық қордың көшбасшыларының бірі Олег Башмаков.