Бауыры ауыстырылған егде жастағы үнділік ондаған жылдарға жасарды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Үндістанда Ахмадабад қаласының 61 жастағы тұрғыны Кагака Пилла бауырдың аса ауыр науқасына шалдыққан.

Бауыры  ауыстырылған егде жастағы үнділік  ондаған жылдарға жасарды

Оған 21 жасар студенттің бауыры салынғаннан кейін сыртқатынан айығып қана қоймай, бірнеше ондаған жылдарға жас көрінетін болды.

Айта кеткен жөн, 2008 жылдан бастап өлім аузында жатқан ер адам донорды күткен. Жергілікті аурухананың дәргерлері Кагакаға абайсызда қаза тапқан жас жігіттің бауырына ауыстыруды ұсынды. Ота жасалып, 1 жыл өткен соң Ахмадабад қаласының барша дәрігері ер адамның жағдайы жақсарғаны, жақсарып қана қоймай күрт жасарғаны жайлы айта бастады.