Бауыржан Әбдішев ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бауыржан Әбдішев ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бауыржан Әбдішев ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

2012 жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен, Мирлан Бегежанұлы Мұхамбетовтың басқа қызметке ауысуына байланысты, Бауыржан Әбдішев Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев 1968 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы. Үйленген.

Қарағанды политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, Ресей кеден академиясын тамамдады. 

Б.Т. Әбдішев өз еңбек жолын 1993 жылы бастады.

Қазақстан Республикасының кеден қызметі жүйесінде қызмет істеді.

2003 жылдан Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2008 жылдан «Нұр Отан» ХДП мониторинг және экономикалық бағдарламалар департаментінің директоры, «Нұр Отан» ХДП Инновациялық комитетінің Орталық аппараты төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2010 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды.