Бауыржан Байбек: «Алматы арена» әлемдік ірі стадиондар аналогы болуы керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы арена» ауқымды іс шаралар өткізетін орынға айналуы тиіс, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Универсиада-2017» спорт додасына дайындықты пысықтауға арналған жиында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бауыржан Байбек: «Алматы арена» әлемдік ірі стадиондар аналогы болуы керек

Бүгін Алматыда Универсиадаға дайындық жөнінде вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен өткен жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі уақытта дүниежүзілік спорт шарасынан кейінгі ғимараттарды пайдалану мәселесі де басты назарда екенін айтты.

«Алматы арена» Лондондағы «O2 Arena», Нью-Йорктағы «Yankee», Мәскеудегі «Олимпийский» стадиондары секілді ауқымды іс-шаралар өткізетін орынға айналуы керек. Аталған спорт кешенінде Қазақстанда алғашқы концерт және дыбыс құрылғылары орнатылған, - деді Бауыржан Байбек.

Қала басшысы Алматы қаласының 1000 жылдығын атап өткеннен кейін аталған ғимаратта өзге де бірқатар шаралар өткенін айта кетті.

«10 адам жиналған «MuzZone» сыйлығын табыс ету шарасы өтті. Алдағы сенбіде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді», - деді әкім.

Еске салсақ, Универсиала-2017 сияқты бұқаралық спорт шаралары «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында өткізіледі.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 88-қадамын жүзеге асыру аясында осы іс-шараны өткізу жалпыға бердей еңбек қоғамының идеясын алға жылжытуға бағытталды. Осылайша, 2017 жылғы Универсиадаға қатысатын, жоғары нәтиже көрсететін қазақстандық спортшылар өз жетістіктері арқылы елімізді спортта жаңа халықаралық деңгейге көтереді.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік Универсиада Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Бүгінде 58 мемлекет спорттық шараға қатысатынын растады.


null