Бауыржан Байбек алматылықтарды Универсиаданың басталуына 100 күн қалуымен құттықтады

Салтанатты шараға қала басшысы Бауыржан Байбек қатысты.
«Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай ойындардың басты музыкалық тақырыбын таныстыру мерекесінде қауышқаныма қуаныштымын. Қазақстан ТМД елдері ішінде алғаш болып аталған универсиаданы қабылдап отыр. Алматы еліміздің спорттық деңгейін жаңа деңгейге көтереді», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Еске сала кетейік, бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Қазіргі таңда 58 мемлекет жарысқа қатысатынын растады. Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ұтысқа салынады.
Сондай-ақ, жарыстар 8 спорттық нысанда: «Алматы Арена» және «Халық Аренадан» бөлек, «Шымбұлақ», «Медеу», «Сұңқар» трамплині, Б. Шолақ атындағы спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және Алматы облысындағы «Табаған» кешенінде өтеді.