Бауыржан Байбек басқармалардың атауы не үшін өзгергенін түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігінің жаңа құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біз бұл өзгеріске «Алматы -2020» стратегиялық бағдарламасы қабылданғалы бері 3 жыл бойы дайындалдық. Бірінші себеп - озық тәжірибелер негізіндегі тиімді, экономикалық шешім. Біз Мемлекет басшысы айтқан жаңа өмірге қадам басу үшін мұқият дайындалдық», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, әкімдік реформасы қаланың дамуына тың серпін бермек.

«Біз алматылықтармен бірге қаланы өзгерттік, өзіміз де өзгердік. Бірге білім алып, бірге келе жатырмыз. Кейбір сарапшысымақтар «экономика нашарлап кетті, бизнес қиналып жатыр» дейді. Алайда ресми статистика, халықаралық рейтингтер дилетанттардың ойын жоққа шығарады. Мәселен, Алматының дамуы бойынша Елбасы 2 жыл бұрын ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесін 2020 жылға қарай 40%-ға жеткізуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке жыл қорытындысы бойынша жетіп алдық. ШОБ өнімінің көлемі 21,2%-ға, салық - 9%-ға артты», - деді әкім.

Бауыржан Байбек салық әкімшілігінің тиімділігін арттыру арқасында салық көлемі 12%-ға, яғни 1,9 трлн теңгеге артқан.

Жалпы алғанда, қалалық инфрақұрылымның дамуына «Алматы-2020» бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылда мемлекет 450 млрд теңге инвестициялады. Қалада экономика 3,9%-ға өскен.

«Жаңа құрылымның қабылдануы қоғам талабынан туып отыр. Бірінші кезекте экологияның жақсаруы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдарға ыңғайлы орта жасауға қажеттілік, қаланың тарихи келбетін сақтау арқылы жаңа қала кеңістігін құру. Жаңа атаулардан тұрғындардың, қаланың қажеттілігіне бет бұру, глобалды миссия анық байқалады. Қоғам, социум, қала, урбанистика сөздері 9 басқарманың атауынан көрініс тауып отыр», - деді әкім.

Айта кету керек, бүгін Алматыда бірқатар басқарма таратылатыны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар