13:29, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Ертеңнен бастап Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған пошта маркасы айналымға шығарылады, деп хабарлайды Қазпошта АҚ баспасөз қызметі.
Маркада Бауыржан Момышұлының портреті бейнеленген. Номиналдық құны 140 теңгелік марка 4 түсті, жалпы тиражы 50 мың дана. Марка «Белоруссияның баспа үйі» баспаханасында басылған. Марканың салтанатты таныстырылы ертең батырдың туған жерінде өткізілмек. Шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Төлепберген, «Қазпошта»АҚ-ның Жамбыл облыстьық филиалының директоры Мұхит Кәрібаев қатысады.