Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Ы. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы ҚазҰАУ-де Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті,

Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Б.Момышұлының ерлігі, шығармашылығы жайында сөз қозғалып, Батырдың соғыс жайында әңгімелеген деректі фильмі көрсетілді.

«Соғыс кезінде онымен бірге болғаным жоқ, бірақ кейін шипажайда кездестім. Мәскеуді қорғау барысында Б.Момышұлы қаһармандық танытты. Алдымен ол 316 дивизияда батальон командирі, кейіннен полк командирі болды. Қазақстандық 316 атқыштар дивизиясының Мәскеуді қорғау кезіндегі ерлігін бүкіл әлем мойындауда», дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Кәкен Әбеков.

«Баукеңнің 100-жылдығын бүгін осы жоғары оқу орнында атап өтіп отырмыз, оның себебі жастардың патриоттық сезімін нығайта түсу, әрі Б.Момышұлының ерлігін кеңінен насихаттау», дейді белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ шараға Республикалық гвардияның түлектері, мектеп оқушылары және студенттер қатысты.