Бауыржан Жолшиев «Шахтер» жейдесін киді

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Жолшиев «Шахтер» командасының қатарына алынды, деп хабарлады «Аламан».

Бауыржан Жолшиев «Шахтер» жейдесін киді

23 жастағы ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт жайлы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Жолшиев осыған дейін «Тобыл» сапында ойнаған. Кейін команда мен ойыншы арасында келіспеушілік туындап, ойыншы «Тобылдан» кеткен еді.

Бауыржан Ренатұлы Жолшиев- бойы 1 метр 90 сантиметр. Салмағы 65 килограмм. Шабуылшы. «Алматы», «Атырау» командаларында ойнаған.