«Бавария» 2013 жылы әлемнің үздік командасы атанды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясының нұсқасы бойынша немістің «Бавария» футбол клубы 2013 жылдың үздік командасы атанды.

«Бавария» 2013 жылы әлемнің үздік командасы атанды

Сонымен қатар команданың голкипері Мануэль Нойер 2013 жылдың үздік қақпашысы болып танылды.

Екінші орында лондондық «Челсиді» ысырған мадридтік «Реал» тұғырланды. Сонымен қатар алғашқы ондыққа «Атлетико»,«Барселона»,«Пари Сен-Жермен»,«Базель»,«Атлетико Минейро», «Тоттенхэм» және «Бенфика» командалары еніп отыр.