19:26, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
«Бавария» мен «Реал Мадрид» қарсыластарын ойсырата жеңді
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мюнхендік «Бавария» сейсенбі, 27 қыркүйек күні, УЕФА Чемпиондар лигасы ойынында 2:0 есебімен «Манчестер Ситиді» ұтты. Екі голды да Марио Гомес соқты.

Сондай-ақ, «Реал Мадрид» голландияның «Аяксын» - 3:0 есебімен «құрғақтай» ұтты. Голдар Криштиано Роналдоның, Кака мен Карим Бенземаның есебіне жазылды, деп жазады Лента.ру.