«Бавария» президенті Хенесске 3,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот мюнхендік «Бавария» футбол клубының президенті Ули Хенесске 40 млн. долларға жуық көлемде салық төлемегені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
None
None

Бүгінде 62 жасқа толған Германия құрамасы сапындағы бұрынғы әлем чемпионы 37 млн. доллар сомасындағы қаржыны салық органдарына төлемегенін және Швейцарияда банктік шоты жайында жасырғандығын мойындады.

Өткен жылы Хёнесс билікке түзетілген декларацияны ұсынып, сол арқылы соттың қудалауынан құтылуға дәмеленген еді. Осы салықтық дау-дамайға қарамастан, Ули Хенесс «Баварияда» аса танымал тұлға. Себебі ол клубтың табысы соған байланысты болып отыр. Атап айтқанда, клуб акционерлерінің өткен жылғы жиналысында Хенесс отставкаға кетуі туралы ұсыныс жасаған еді, алайда бұған жанкүйерлер мен «Баварияның» директорлар кеңесі қарсылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар