Бавария тұрғыны лотереядан 11 миллион еуро ұтып алды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Баварияда жергілікті тұрғын лотереядан 11 миллион еуро ұтып алды, деп хабарлады Би-Би-Си-дің Орыс жаңалықтар қызметі.

Бавария тұрғыны лотереядан 11 миллион еуро ұтып алды

БАҚ мәліметтеріне қарағанда ұтыс иесі жүлдесін алуға келмеген, сірә, ол өзінің бұл сәттілігін әлі білмейтін сияқты. Соңғы бірнеше жылдан бері немістердің лотереяға қызығушылығы арта түскен. Талдамашылар мұны әлемдік қаржы дағдарысымен байланыстрады.