Бавариядағы 10 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақаттанған апатқа диспетчердің қателесуі себеп болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баварияда пойыздардың соқтығысуына диспетчер кінәлі деген болжам бар. Бұл туралы тергеу орындарына сілтеме жасап неміс БАҚ-тары хабарлады.

Бавариядағы 10 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақаттанған апатқа диспетчердің қателесуі себеп болған

Сейсенбіде бір-біріне қарсы келе жатқан екі пойыз соқтығысты, деп еске түсіреді "Россия 24" телеарнасы. Алдын ала деректер бойынша, диспетчерлердің бірі кешіккен құрамды өткізу үшін автоматты дабыл жүйесін сөндіріп тастаған. Апат салдарынан 10 адам қаза тапты, оның ішінде екі машинист те бар. 80-нен астам адам жарақат алған.