07:24, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
«Баварияның» ПСЖ-дан жеңілісінен кейін бас бапкері отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері отставкаға кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
27 қыркүйекте мюнхендік «Бавария» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде француздық «ПСЖ-дан» 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Кейбір көшбасшы ойыншылар негізгі құрамға енбегені үшін наразылық білдірді. Клубішілік талдау жүргізіліп, ақыры Карло Анчелоттиді отставкаға жіберу туралы шешім қабылданды.
Карло Анчелотти «Баварияны» 2016 жылдың шілдесінен бастап жаттықтырып келеді.