Бай адамдардың 40 пайызы өз байлықтарының жартысын қайырымдылыққа беруге уәде берді - АҚШ

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - «Майкрасовт» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен танымал инвестор Уоррен Баффеттің өз байлықтарының 50 пайызын көздерінің тірісінде

Бай адамдардың  40 пайызы    өз  байлықтарының жартысын  қайырымдылыққа  беруге  уәде берді  - АҚШ

немесе қайтыс болғаннан кейін қайырымдылық мақсатқа беру туралы бастамасына АҚШ-тың тағы 40 шақты бай адам қолдау білдірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Гейтс пен Баффеттің бұл идеясына Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг, мейрамхана магнаты Бэррон Хилтон, кинорежиссер Джордж Лукас, басқа да американдық қалталылар қосылып отыр. Егер де «Форбс» журналының тізіміндегі АҚШ-тың барлық 400 бай-манабы олардан үлгі алса, қайырымдылыққа жиналатын сома 600 миллиард долларға жетеді екен.

Бірақ та, бұл бастаманы барлық бай адамдардың қолдап отырмағанын айта кету керек. «РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, байлығы 53,5 миллиард долларға бағаланатын әлемнің қазіргі ең бай адамы, мексикалық магнат Карлос Слим бұл үндеуге қосылмайтынын айтып отыр.

«Байлықтың тең жартысын қайырымдылыққа беру - ақылға сыймайтын әрекет. Ол қаражат қолдарына тиетін адамдар оны лайықты жұмсайды деп ешкім нық сеніммен айта алмайды», - деп мәлім етті Слим. «Қалталылардың үлкен әлеуметтік проблемаларды шешуге қолдау көрсетеміз деген талпыныстарын мен тамаша түсінемін, бірақ бұлай емес. Ақша маңызды әлеуметтік бағдарламаларға арнайы бөлінуі және оларды жүзеге асыруға нақты және құзырлы адамдардың жауап берулері керек», дейді Слим мырза.

Дегенмен, бұл Слим мырза сараң деген сөз емес. Мультимиллиардер жастарға арналған білім және медициналық бағдарламаларға 4 миллиард доллар бөлді. Ол сондай-ақ Мексика мен Латын Америкасының басқа елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға жүздеген миллион доллар жұмсап келеді.