Бай ханзада 80 сұңқарын ұшақ салонында жеке орындарға отырғызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламтор желісінде Reddit сайтында жарияланған сурет кеңінен таралуда. lensoo деген атпен тіркелген пайдаланушы ұшқыш досының түсірген суретімен бөліскен, онда рейсте 80 сұңқарды алып бара жатқаны көрсетілген. Сауд Арабиясының ханзадасы құстардың әрқайсысы үшін жеке орынға билет сатып алған.
Қанаттыларды ұшақ салонында алып жүру бұған дейінде жиі кездеседі екен.
Басқа пайдаланушылар да сұңқарды ұшақпен тасымалдауға қатысты видео және суреттермен бөлісе бастады. Олардың жазуына қарағанда бұл рейс бір жолда алты сұңқар алып жүруге рұқсат етілген Катар әуе желісінің экономкласы емес.